837 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылады

790

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың мәлімдеуінше 2021 жылдың 5 айында мемлекеттік бюджетке 559 млрд, оның ішінде республикалық бюджетке 384 млрд теңге салық аударылды.

837 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылады

Махамбет Досмұхамбетов бұдан бөлек Ұлттық қорға 357 млрд теңге түскенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция 1 трлн 15 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 3,8 трлн теңгеге жетеді деген болжам бар. 5 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,2 трлн теңге болды. Облыстың республиканың өнеркәсібіндегі үлес салмағы – 22,7%. Есептік кезеңде 19,5 млн тонна мұнай және 10,2 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді. Биыл кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде құны 837 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылып, 560 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр", – деді облыс әкімі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу