ШҚМТУ жер астындағы қазынаны анықтайтын георадар жасап шығарды

1116

ШҚМТУ жер астындағы қазынаны анықтайтын георадар жасап шығарды

 

Ежелгі заманда көмілген қазынаны табуға болатын георадар алғашқы сынақтан сәтті өтті. Бұл туралы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Георадар арқылы қазба жұмысын жүргізбей-ақ, керекті орынды анықтауға болады. Ол аз уақытта жердің астын (25 метр тереңдікке дейін) сканерлеу арқылы қазуға тиіс орынды табады.

"Жаңа зерттеу құрылғысының артықшылығы – мәліметтерді алудың жеделдігі мен нақтылығында. Мәселен, бұған дейін қолданылып келген ескі металл іздейтін құрылғы мұндай тереңдікте барлау жүргізе алмайтын. Ал жаңа аспаптың арқасында Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы жазығының астында жатқан қазыналар картасы қолымызға тиген еді. Жазда сол жердегі төртінші Алтын адам осы құрылғымен анықталған", – деді ғалым Андрей Бубняк.

Келесі археологиялық жұмыстарға георадар дайын. Ғалымдар құрылғыны Берел жазығында сынайтындығын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу