Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Таңғы сағат 06.00-де дауыс беру 84 учаскеде ғана ашылады. Негізінен бұл әскери бөлімдер, кейбір вахталық елдімекендер. Ол жерлердегі жұмыс тәртібі бөлек болғанына байланысты таңғы алтыда ашылады. Бұл референдумға қатысатын азаматтардың қолайлылығы үшін жасалып отыр", - деді спикер тілшілердің сауалына берген жауабында.
Айтуынша, елдегі екі учаске шалғайда орналасқан.
"Бірі Шығыс Қазақстан облысында таулы аймақта орналасқан. Таяуда ол жерде қар жауды. Онда 60 азамат тіркелген. Тағы бір учаске Жетісу облысында. Қалған барлық учаске 20.00-ге дейін дауыс беретін болады", - деп атап өтті Константин Петров.
Айта кететіні, 6 қазан күні АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.