Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017 жылғы ҚР Ұлттық сыныптауышына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Өзгерістер жобасы мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ҚР Кәсіподақтар федерациясымен және "Атамекен" ҰКП-мен талқылау қорытындысы бойынша қалыптастырылды.
Сонымен қатар жұмыс берушілер қауымдастығының, Электрондық еңбек биржасында тіркелген жұмыс берушілердің, кәсіптік стандарттарды әзірлеушілердің және Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласының ұсыныстары ескерілді.
№ 1 "ҚР ҰC 01-2017 Кәсіптер сыныптауышына" өзгерістер жобасы стандарттау жөніндегі Ұлттық органның интернет-ресурсында орналастырылған (www.ksm.kz) "Талқылау" – "Стандарттар" – "ҚР ҰС жобаларын талқылау" бөлімінде оларға өз ұсыныстары мен толықтыруларын беруге болады, олар 2023 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.