840 млрд теңге бюджет қаражатына аудит жүргізілді

863

Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік аудит бойынша есеп берді. 

840 млрд теңге бюджет қаражатына аудит жүргізілді

Министр осыған дейінгі 5 айда камералдық бақылаумен 3,9 трлн теңгенің 
448 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тексеру қорытындысында 13 мың рәсім бойынша бұзушылық анықталды.
Мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы 12,5 мың хабарламаны орындады. 1 416 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 840 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 87 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылық анықталды", – деді қаржы министрі. 

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, тауарлар жеткізу, қызмет көрсету, міндеттемені орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша бағытында атқарылған жұмыс нәтижесінде 68 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығы жойылды. Аудит объектілері қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 1 227 ұсыным берілді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу