"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің паркін жаңартуға 364 млн теңге инвестициялады, деп хабарлайды компаниядан.
Технологиялық көлік басқармасының Новодолинск автомобиль базасында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз "Ликинский автобусный завод" (Ресей Федерациясы) ЖШС шығарған сегіз жаңа автобустың кілтін парк қызметкерлеріне табыстады.
ЛиАЗ көлігінің әрқайсысы 44 орынға есептелген. Қарағанды облысының климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, салондарда қосымша пеш орнатылған. Дизельді қозғалтқыштар Еуро 5 экологиялық стандарттарына сәйкес келеді.
"Техника жетілдірілуде - бұл жақсы жаңалық. Енді біздің қызметкерлеріміз жұмыс орындарына қолайлы жағдайда жеткізілетін болады", - дейді Андрей Черномаз.