85 адамды сан соқтырған күдікті қамауға алынды

939

Олар 50 миллион теңгені қолды қылыпты.

85 адамды сан соқтырған күдікті қамауға алынды

Қарағандыда 85 адамды сан соқтырған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды 24.kz.

Қарағанды қаласының 33 жастағы тұрғыны кенді өңірде және Астанада соңғы үлгідегі ұялы телефондар сататын фирма ашқан

Осылайша, тұтынушылармен келісімшарт жасап, тауар құнын алдын ала толықтай алып отырған. Кездесу кезінде оларға жалған құжаттарын, буклеттерін, әлеуметтік желідегі сайттарын көрсетіп, әбден сеніміне кірген.

Алайда тауар келуге тиіс кезде кеденде кешігіп жатқанын сылтауратып, уақытты созып келген.

Кейін мүлдем іздерін суытып отырған. Аз ғана уақытта алаяқтар 85 адамды тақырға отырғызып, 50 миллион теңгені қолды қылыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу