85 мың теңге көтерме ақыны қалай алуға болатыны белгілі болды

1413

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасына 1 триллион теңге қаражат бөлінген.  

85 мың теңге көтерме ақыны қалай алуға болатыны белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 31 наурыз күнгі жасаған үндеуінде еліміздің республикалық маңызы бар қалаларында карантин салдарынан еңбекке қабілетті жастардың көп екенін еске салып, Үкімет пен әкімдерге "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында осы аймақтарда нақты жобаларды дереу бастау қажеттігін айтқан болатын. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 85 мың теңге көлемінде көтерме ақыны қалай алуға болатынын түсіндірді.

"Кеше ел Президентінің Үкіметке тапсырғаны, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасына қатысты. Қазір елімізде жаңа "Жұмыспен қамтудың жол картасы" әзірленді. Оған 1 триллион теңге қаражат бөлініп отыр. Сол 1 трлн қаражат есебінен елімізде 7 мыңнан астам жоба іске асырылады, 240 мыңнан астам жұмыс орындары болады. Президент "Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласындағы ауылдан, өңірден келген жастарымыз, азаматтар қазір қаланың сыртында жұмыссыз қалды, қалаға кіре алмайды" деген мәселеге ерекше көңіл бөлді. Президенттің осы тапсырмасы бойынша, егер де өздеріңіздің ауылыңызға, өңірлеріңізге қайтып, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" жобарындағы жұмыстарға қатысатын болсаңыздар, сол жұмысқа кіріскен күні сіздерге 85 мың теңге көлемінде көтерме ақы төленетін болады. Ол жалақыға қосылмайды, ол бөлек өтемақы. Одан кейін жұмысыңызды бастап, жұмыстан ай сайыны жалақыңызды аласыз", – деді министр.

Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, бағдарламаға қатысқан азаматтың жалақысы 85 мың теңгеден кем болмайды. Ал бағдарламаға жұмыспен қамту орталықтары арқылы шақырады.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша жалақының мөлшері 85 мың теңгеден төмен болмайды. Бұл жөнінде әкімдер сіздерді күтеді, тиісті рекруттік бекеттер ұйымдастырылатын болады. Бұл жөнінде тапсырма барлық өңірлерге берілді. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасына жұмыспен қамту орталықтары арқылы шақыртылатын болады. Сондықтан осы өңірлерде жүрген азаматтарға, жігіттер, жастарға өз өңірлеріңізге қайсаңыздар сіздерге жол картасы арқылы жұмыс ұсынылатын болады", – деді министр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу