Коронавирус инфекциясын жұқтырған 85 науқастың жағдайы өте ауыр

1202

Бұл туралы ВАК телеграм-каналы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 85 науқастың жағдайы өте ауыр

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 85 қазақстандықтың жағдайы өте ауыр. 66 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", – деп мәлімделді телеграм-каналда. 

Денсаулық министрлігі коронавирустан қайтыс болғандардың тізімін жаңартқан екен. Бұл туралы телеграм-канал 10 желтоқсанда 21 науқастың өлімі тіркелді деген ақпарат таратты. 

"12 желтоқсандағы жағдай бойынша 21 211 адам коронавирус инфекциясына қарсы ем қабылдап жатыр. 4 145 науқас стационарлық, 17 066 науқас амбулаторлық ем қабылдауда. 322 науқас – ауыр, 85 науқас – аса ауыр хәлде жатыр", – деп хабарлады ВАК телеграм-каналы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу