86,2 млн теңге айыппұл салынды

590

Мал шаруашылығы өнімі тиелген 17 мың автокөлік тексерілді.

86,2 млн теңге айыппұл салынды

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2 400  жеке және заңды тұлға ветеринария саласындағы заңнаманың бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылғанын мәлімдеді. 

"Былтыр Қазақстан-Ресей учаскесінде 28 және Қазақстан-Қырғыз учаскесінде 4 ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау пункті ұйымдастырылды. Бұл шара ветеринариялық-санитариялық, фитосанитариялық, карантиндік тұрғыдан мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы қауіпті өнімдерінің әкелінуіне тосқауыл қою үшін қажет болды", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің мәлімдеуінше, жыл басынан бері жалпы көлемі 171 мың тонна мал шаруашылығы өнімі тиелген 17 мың автокөлік тексерілді. 

"Ветеринария саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жалпы сомасы 86,2 млн теңгеге 2,4 мың жеке және заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу