86 мектеп үш ауысыммен жұмыс істеп жатыр

643

32 мектеп апатты жағдайда тұр. 

86 мектеп үш ауысыммен жұмыс істеп жатыр

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев парламенттік тыңдауда ауылдық аймақтарға 312 білім беру нысаны жетпейтінін, елді мекендерде 2 240 педагог тапшы екенін, 86 мектеп үш ауысыммен жұмыс істеп жатқанын және 32 мектеп апатты жағдайда тұрғанын жариялады. 

"Ауылдық жердегі орта білім беру сапасының төмендігінен балалар мемлекеттік грант алуға қауқарсыз. PISA нәтижесіне сүйенсек, қала мен ауыл арасындағы білім сапасында 22-ден 37 балға дейін алшақтық бар. Ұлттық бірыңғай тест нәтижелері бойынша ауыл мектептерінің түлектері қала оқушыларынан орта есеппен 5-6 баллға артта қалып отыр. Ауылдық жердегі орта білім беру сапасының төмендігінен көптеген дарынды балалар жоғары оқу орындарының грантынан қағылып отыр. Білім беру гранттарындағы ауылдық квотаны 30% кем дегенде 50%-ға дейін көбейту керек. Сонымен қатар басқа елдердегідей агроқұрылымдардың студенттерді университеттерде оқытуға жұмсаған шығынын субсидиялау өте маңызды", – деді депутат. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу