Әйелдерге арналған вагондар қызметін 860 мыңға жуық жолаушы пайдаланған. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық компания басшысы елімізде әйелдер вагондары бар екенін еске салды.
"Шамамен 860 мың әйел бөлек вагондарды пайдаланды. Бұл вагондарда әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді. Қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Биыл 100 мыңға жуық адам тасымалданды. Мұндай вагондардың саны артып келеді", – деді спикер Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Бұл вагондарға билеттер "ҚТЖ" сайты мен билет сату жүйелерінде қолжетімді.
Айта кету керек, бұған дейін теміржолдағы локомотивтердің 49 пайызға тозғанын жазғанбыз.