87 мыңнан астам жолаушының құқығы бұзылғаны анықталды

521

87 мыңнан астам жолаушының құқығы бұзылғаны анықталды

Жезқазған көлік прокуратурасы 87 мыңнан астам пойыз жолаушысының құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Қаражал-Қарағанды пойызы Жаңаарқа транзиттік станциясына келіп тоқтағанда, вагондарды локомотивтен ағытуды онда адамдар отырған кезде жүргізеді. Станцияның теміржол тұйығында тұрған жолаушылар Жезқазған-Астана-Жезқазған жол-жөнекей өтетін пойызын әр бағытта 3,5 сағаттан астам уақыт күтуге мәжбүр.

Балқаш-Жезқазған жолаушылар пойызы да Жарық станциясында 3,5 сағаттан артық тұрған.

Пойызда санитарлық талап толық сақталмаған.

Бұдан бөлек, қауіптілігі жоғары аймақта жолаушылар вагондардан шығуға және белгіленбеген жерден теміржолдан өтуге мәжбүр болған.

Прокуратураның ұсынысы бойынша екі пойыздың қозғалыс кестесі өзгертіліп, аялдау уақыты сәйкесінше 60 және 49 минутқа қысқартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу