872 млрд теңге бюджет қаражаты аудиттен өтті

437

172 млрд теңгеге қатысты заң бұзушылық жойылды.

872 млрд теңге бюджет қаражаты аудиттен өтті

Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өткен 10 айда құны 9,3 трлн теңгені құрайтын 1,3 млн мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылауға алынғанын айтты. 

"Тексеру қорытындысында 698 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық анықталды. Шара шеңберінде 1,6 мың аудиторлық іс-шара өткізілді. 872 млрд теңге бюджет қаражаты аудиттен өтті. Құны 198 млрд теңгені құрайтын қаржыға қатысты заңға қайшы әрекет әшкереленді", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Министрдің мәлімдеуінше, тауар жеткізуді, қызмет көрсетуді және міндеттемелерді орындауды қалпына келтіру барысында 172 млрд теңгеге қатысты заң бұзушылық жойылды. 

"Аудит нысаны қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 1 411 ұсыным берілді. Оның 1 101-і орындалды", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу