88 мыңнан астам мектеп түлегі ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады

728

ҰБТ-ға 117 мыңнан астам мектеп бітіруші қатысады  

88 мыңнан астам мектеп түлегі ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады

20 маусым мен 30 маусым аралығында өтетін Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысуға 117 мыңнан астам мектеп бітіруіші өтініш берген, деп мәлім етті білім және ғылым министрі. 
"Биыл ҰБТ 20-30 маусым аралығында 169 тапсыру пунктінде  өтеді. Оған  қатысу үшін 117 242 адам өтініш берген. Соның ішінде 96 мыңнан астамы - осы жылғы мектеп түлектері болса, 20 мыңнан астамы - биыл және өткен жылдары колледж бітірушілер", – деді Асхат Аймағанбетов.

88 мыңнан астам мектеп түлегі ҰБТ-ны қазақ тілінде, 28 мыңы орыс тілінде және 181 адам ағылшын тілінде тапсырады.

Министрдің айтуынша, тестілеу материалдары жасырын түрде өңірлерге жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу