Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Қаныбековтің айтуынша, бүгінгі күні 3,2 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы зерттеліп, оның 878,3 мың гектарында зиянкес бар екені анықталған. Өңделуге тиіс 528,4 мың гектардың 486,3 мың гектарында іс-шаралар жүргізілген.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын қажет болған жағдайда тәулік бойы жүргізуге тапсырма берді.
"Міндеттеме алған мердігерлер барлық қажетті техниканы толық көлемде қамтамасыз етуге тиіс. Жұмыс кестеге сәйкес, қажет болған жағдайда тәулік бойы, ауа райына немесе техникалық қиындықтарға қарамастан жүргізілуі қажет. Жұмыстың мерзімі мен сапасына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Қажет болған жағдайда қайта өңдеу мүмкіндігін де қарастыру қажет", – деді министр А.Сапаров.