9 106 мың адам жұмыспен қамтылды

302

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

9 106 мың адам жұмыспен қамтылды Фото: Inbusiness.kz

2023 жылғы III тоқсанда Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 106 мың адам жұмыспен қамтылды.

Оның ішінде: 

  • жалдамалы қызметкер – 6 916,1 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың 75,9%)
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2 189,9 мың адам 

Былтырғы жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 134,5 мың адамға өсті, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 78,4 мың адамға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 56,1 мың адамға. 

Өткен тоқсанмен салыстырғанда жұмыспен қамтылған халық санының ең көп өсімі денсаулық сақтау, ойын-сауық және демалыс, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету, көлік және қойма салаларында байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу