"9-20-25" ипотекалық бағдарламасы қашан іске қосылады?

931

Үкімет жаңа бағдарламаға сұраныс жоғары болады деп отыр.

"9-20-25" ипотекалық бағдарламасы қашан іске қосылады? Фото: inbusiness.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан соң "9-20-25" ипотекалық бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Үкімет басшысы "Отбасы банкі" мен "Бәйтерек" ұлттық холдингімен бірлесіп қосымша тағы бір ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатқанын жеткізді.

Оның сөзінше, бұл бағдарламаны іске асыруға жыл сайын 150 млрд теңге қажет.

"8 мың отбасы немесе адам ипотека ала алады. Бұл ретте 100 млрд теңгені нарықтан, "Отбасы банкінің" таза табысынан қалған 50 млрд теңгені бөлу қажет. Нәтижесінде бұл қаржы көздерін қосып, 9 пайыздық ставкаға шығуы тиіс", - деді Премьер-Министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Әлихан Смайылов жаңа бағдарламаның жастарға арналатынын баса айтты.

"Келесі жылы бұл бағдарлама болады", - деп қорытындылады спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу