"9-20-25" жаңа бағдарламасы жастарға арналады

Жоба талаптарын "Отбасы банкі" әзірлеп жатыр.   

"9-20-25" жаңа бағдарламасы жастарға арналады

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елордада өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Талантты жастарды мемлекеттік тұрғыда қолдау мақсатында "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жыл сайын беріліп келеді. Заңға сәйкес, үміткерлердің жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Марапаттау номинацияларына өзгерістер енгізілді. Өздерінің нақты мақсаттарына және қоғамның игілігіне бағытталған жастарды тәрбиелеу мақсатында "Қоғамдық қызмет" номинациясы "Креативті бастамалар" номинациясымен ауыстырылды. Бұл ретте Мемлекет басшысы белгілеген "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты аясында бизнес, ғылым, мәдениет, БАҚ және ақпараттық технологиялар саласындағы 30 үздік жоба анықталды. Қазіргі уақытта "Отбасы банкімен" бірлесіп, "9-20-25" жаңа бағдарламасы әзірленуде, оның негізгі қатысушылары жастар болмақ", – деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ол биыл "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңға тұжырымдамалық түзетулер енгізілетінін де атап өтті. Оның сөзінше, бұл заңның басты ерекшеліктерінің бірі – жастар санатына кіретіндердің жасын 35 жасқа дейін ұлғайту. Осылайша, жастардың саны 3,7 млн адамнан 5,7 млн адамға дейін артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу