9,3 млн теңге субсидияға үміттенген кәсіпкердің мәселесі шешілді

316

Ақпараттық жүйедегі сәйкессіздік инвестордың мемлекеттік қолдау алуға өтініш беруіне кедергі болған.  

9,3 млн теңге субсидияға үміттенген кәсіпкердің мәселесі шешілді Фото: tarazy.kz

Қостанай облысының Қарабалық ауданында прокуратура инвестордың тауар-сүт фермасын құру жобасын іске асыру кезінде туындаған әкімшілік кедергіні жоюға көмектесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Инвестор Ресейден 401 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алған. Оларды ветеринарлық қызмет тіркеу кезінде 24 малдың туған күні қате көрсетілген. Соның салдарынан ақпараттық жүйедегі мәліметтер асыл тұқымды куәліктердегі ақпаратпен сәйкес келмеген.

Бұл сәйкессіздік инвестордың 9,3 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидия алуға өтініш беруіне кедергі келтірген.

Прокуратура тексеру барысында жауапты лауазымды тұлғаның кінәсін анықтап, оны тәртіптік жауапкершілікке тартқан. Сонымен қатар инвесторға сотқа жүгіну бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

Бітістіру келісімі бекітілгеннен кейін ветеринарлық станция ақпараттық жүйедегі қате мәліметтерді түзетті. Осыдан кейін инвестор субсидия алуға өтініш білдірді.

Осылайша, прокуратураның араласуынан кейін әкімшілік кедергі жойылып, инвестордың құқығы қалпына келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу