9 412 адам ревакцинация жасатты

687

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов 62 707 бала мен 17 015 жүкті және бала емізетін әйелге Pfizer вакцинасы салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

9 412 адам ревакцинация жасатты

"Бүгінге дейін елге Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы келіп түсті. Вакцина жеткізу жұмысы жалғасып жатыр", – деді Марат Шоранов.

Оның сөзінше, 22 қараша күні халықты ревакцинациялау басталды. 

"Бірінші кезеңде медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және балалардың жабық мекемелерінің қызмкеткерлері сонымен қатар күш құрылымдарының өкілдері қамтылды. Бұған қоса 60 жастан асқан азаматтар мен өз бетінше тексеруден өткен адамдар сондай-ақ КВИ-ға қарсы антиденелерінің теріс нәтижесі бар тұлғалар ревакцинациядан өтті. Екінші кезеңде вакцинацияны 2 дозамен аяқтаған адамдар алады", – деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

Марат Шорановтың дерегінше, 9 412 адам ревакцинация жасатты.  

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу