9 700 төсек-орны бар резервтік қор құрылды

867

Алдын ала дайындалған инфекциялық төсек-орындардың 41%-да және реанимациялық төсек-орындардың 28%-да науқастар ем алып жатыр. 

9 700 төсек-орны бар резервтік қор құрылды

Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алексей Цойдың айтуынша, инфекциялық төсек-орындардың Маңғыстау облысында - 58, Алматы қаласында - 57, Алматы облысында - 57 және Нұр-Сұлтан қаласында 56% бос емес. 

"62 мың төсек-орынды құрайтын, оның ішінде 9 700 төсек-орны бар резервтік қор құрылды. Қазіргі таңда резервтегі қордан 26 122 төсек-орын Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласынан басқа өңірлердегі инфекциялық стационарларда, көпбейінді ауруханалардың бөлімшелерінде пайдаланылып жатыр", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу