Жұма күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында өрт салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа ҚХР мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Өрт тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде жергілікті уақыт бойынша 01:02-де болған.
Оқиға салдарынан тағы екі адам жарақат алды.
Өрт сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу