9 айда 78 млн тонна көмір өндірілді

752

Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған, көмірге тапшылық жоқ. 

9 айда 78 млн тонна көмір өндірілді

Еліміздің көмір өндіруші компаниялары 2020 жылдың 9 айында 78 млн тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99%-ды құрайды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Еліміздің энергия өндіруші кәсіпорындарына 42 млн тонна, өнеркәсіп кәсіпорындарына 4,2 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 6,3 млн тонна көмір жөнелтілген.

"2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн тонна, тұрғындар – 7,2 млн тонна болады", – деген мәлімет берді ресми орган.

Баспасөз хабарламасына сүйенсек, 2020 жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету 84%-ды, ал халықты 76%-ды құрайды. Өткен жылыту маусымының осы кезеңінде қамтамасыз етушілік коммуналдық-тұрмыстық секторды 73%-ды, халықты 69%-ды құраған.

Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен толық қамтамасыз етті.

"Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған, көмірге тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді жеткізуді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу