"9 айда 884,8 млрд теңге": Жыл басынан Медициналық сақтандыру қоры түскен қаржыны қайда жұмсаған?

422

ӘМСҚ қаржылық қызмет ашықтығын алға тартып, жұмсалып жатқан қаражат туралы қазақстандықтарға есеп беруді жөн көрді. 

"9 айда 884,8 млрд теңге": Жыл басынан Медициналық сақтандыру қоры түскен қаржыны қайда жұмсаған? Фото: Inbusiness.kz

9 айда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен оның 20 филиалының жұмысын қамтамасыз етуге 8,5 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ӘМСҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық қызметінің ашықтығы тұрақты сынға түсетіні белгілі. МӘМС-ке жіберілетін аударымдар мен жарналардың қалай және қайда жұмсалатыны туралы қазақстандықтар БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде әрдайым сұрап келеді. Өз кезегінде, қаржылық есептер мен тұрақты өткізілетін аудиттердің міндетті түрде жарияланып тұратынына қарамастан, ӘМСҚ қысқа және түсінікті сандар негізінде Қорға түсетін және сол жұмсалатын қаражат туралы жария есепті енгізуді жөн көрді", - делінген хабарламада.

Қор қаражатты мемлекетпен өтелетін ТМККК және пациенттердің медициналық қызметтеріне төленетін МӘМС-тен алатынын еске салды.

Биылғы 9 айда Қордың Ұлттық Банктегі шоттарына МӘМС-ке арналған жарналар мен аударымдар түрінде 884,8 млрд теңге түскен. Оның 37,5%-ын жұмыс берушілер төлесе, 33,3%-ын 15 санаттағы азаматтардың сақтандыруын қамтамасыз ететін мемлекет қамтамасыз етті. Тағы 29,1%-ы жұмыскерлер, жеке кәсіпкерлер мен дербес төлеушілерге тиесілі.

"Қорға қатысты жиі айтылатын сынның бірі – қызметін қамтамасыз етуге көп қаражат жұмсайды деген көзқарас (шығындар ішіне – жалақы, қызметтік орындарды жалға алу, техникалық қолдау және т.б. арналған ағымдағы шығындар кіреді). Аталған шығындардың ең жоғары мөлшері Үкіметтің қаулысымен шектелген. Осылайша, рұқсат етілген ең жоғары деңгей – Қорға түсетін түсімдердің 1,33%-дан артық болмауы тиіс. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша ӘМСҚ және оның 20 филиалдарының жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалған қаражат мөлшері 8,5 млрд теңгені немесе 0,96%-ды құрады", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.   

Ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері медициналық ұйымдар көрсеткен қызметтер үшін Қор МӘМС бойынша түскен 884,8 млрд теңгенің 686 млрд теңгесін, ал ТМККК бойынша 1,067 трлн теңге төлеген.

9 айда пациенттерге көрсетілген қызметтер үшін медициналық ұйымдар Қор арқылы 1,75 трлн теңге қаражат алды. 12,5 млн адамға 1,75 трлн теңгеге 200,6 млн медициналық қызмет көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу