9 айда елден 25 мыңнан аса қазақстандық көшіп кеткен

813

Олардың басым бөлігі Ресейге қоныс аударған. 

9 айда елден 25 мыңнан аса қазақстандық көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанға 7,2 мың адам келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,5%-ға аз, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 9 айда елден 25,3 мың тұрғын көшіп кеткен, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,1%-ға көп.

Көші-қон сальдосы тұрақты теріс болып саналады. Минус 18,1 мың, өткен жылғы көрсеткіш минус 11,8 мың.

Қазақстанға көшіп келген тұрғындардың басым бөлігі Маңғыстау облысына қоныстанған. 1,5 мың адам, бір жылда минус 39,8%. 

Иммигранттар арасында Алматы (1,3 мың адам, бір жылда минус 0,6%) және Шымкент (634 адам, бір жылда минус 5,5%) қалалары танымал болып саналады. Елге көшіп келгендердің Қостанай облысына тұрақтау көрсеткіші төмен. Мұнда жыл басынан бері барлығы 7 адам барған, бір жылда минус 81,1%.

Қарағанды облысынан ең көп адам көшіп кеткен. 3,7 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 20,7%-ға артық. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан (3,3 мың адам, бір жылда плюс 8,1%) және Павлодар (2,7 мың адам, бір жылда плюс 11,6%) облыстарынан шетелге шетелге қоныс аудару көрсеткіші жоғары.

Қызылорда облысынан шетелге қоныс аудару көрсеткіші төмен. Барлығы 59 адам көшіп кеткен, бір жылда плюс 51,3%.

Биыл Қазақстанға көшіп келгендердің басым бөлігі Өзбекстаннан қоныс аударған. 2,5 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 10,8%-ға артық. Екінші және үшінші орында Ресей мен Қырғызстан тұр. 

Елден көшкен тұрғындардың басым бөлігі Ресейге қоныс аударған. 21,2 мың адам немесе барлық эмигранттың – 83,6%. Үздік үштікке Германия мен Польша да енді.

Биыл 15 жастан асқан еңбекке қабілетті тұрғындар арасында Қазақстанға техникалық мамандығы бар 782 адам көшіп келген, 
394 адамда экономикалық, 289 адамда педагогикалық, 227 адамда медициналық, 132 адамда заңгерлік, 91 адамда сәулет-құрылыс, 76 адамда ауылшаруашылығы мамандығы бойынша білімі бар.

Сонымен қатар елден техникалық мамандығы бар 4,1 мың адам көшіп кеткен. Сондай-ақ шетелге қоныс аударғандар арасында 2 мың адам экономикалық 1,3 мың адам педагогикалық, 699 адам медициналық, 488 адам заңгерлік, 355 адам сәулет-құрылыс, 173 ауылшаруашылық мамандығы бойынша білім алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу