Министрлік: 9 айда "Еңбекпен" 377,3 мың адам жұмысқа орналастырылды

872

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 528 мыңнан астам адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысқан. 377,3 мың адам жұмысқа орналастырылып, оның 252,9 мыңы тұрақты жұмысқа тұрған, деп жазады inbusiness.kz.

Министрлік: 9 айда "Еңбекпен" 377,3 мың адам жұмысқа орналастырылды

"Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 16,4 мың адам, ТжКБ бойынша оқуға 14,4 мың адам жіберілді. 6,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 22,2 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 165,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 17,4 мың адам, жастар практикасына – 24,3 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 123,7 мың адам", – деп жазылған министрлік хабарламасында

Еңбек ресурстарының бейімделгіштігі шеңберінде 1 632 отбасы немесе 5 532 адам қоныс аударған, оның ішінде 2 351 адам еңбекке қабілетті жаста. 1 679 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналасқан. 119 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 9 адам оқуға жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу