9 айда "Қытай-Еуропа-Қытай" бағытымен 622 мың ЖФЭ тасымалданды

1034

Еліміздің көлік саласында нақты көлем индексі 2021 жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,1% болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 айда "Қытай-Еуропа-Қытай" бағытымен 622 мың ЖФЭ тасымалданды

Транзиттің жалпы көлемі 17,5 млн тонна болып, өткен жылдың көрсеткішінен 2,4%-ға артқан. Оның ішінде темір жол көлігімен 15,6 млн тонна тасымалданған. Бұл – 1,1%-ға көп.

Автомобиль көлігімен 2,05 млн тонна тасымалданып, 39,4%-ға өскен. Оның ішінде 795,2 мың контейнер ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) тасымалданып, 28%-ға артқан.

"Қытай-Еуропа-Қытай" бағытымен 622 мың ЖФЭ тасымалданыпты. Бұл былтырғыдан 40%-ға артық.

Биыл Қазақстан аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүк тасымалының жалпы көлемі 25,3 млн тонна, контейнерлермен – 969 мың ЖФЭ деңгейінде жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу