9 ақпан күні Әзербайжанда кезектен тыс парламент сайлауы болады

1064

Әзербайжанда 9 ақпанға белгіленген кезектен тыс Парламент сайлауының үгіт-насихат науқаны басталды.

9 ақпан күні Әзербайжанда кезектен тыс парламент сайлауы болады

Бүгіннен бастап бұл елде үміткерлердің бағдарламалары таныстырыла бастайды. Бір палаталы Парламентте барлығы 125 орын бар, деп хабарлайды Atameken Business.

Заң шығарушы биліктен 1534 адам үмітті. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болған емес.

Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов оны рекордтық көрсеткіш деп сипаттады. Сондықтан да ұйымдастыру жұмыстары оңайға соқпай отыр.

Саяси додаға барлығы 20 партия қатысады. Оппозициялық партиядан 25 үміткер тіркелген. Милли меджлис депуттаттары 5 жыл қызмет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу