9 елден келген журналистер Қорғас – Шығыс қақпасын аралады

846

Баспасөз-турына Нидерланды, Германия, Түркия, Жапония, Франция, Корея, ҚХР, Италия және Ұлыбритания журналистері қатысты. 

9 елден келген журналистер Қорғас – Шығыс қақпасын аралады

15 сәуірде "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА және Алтынкөл станциясында "Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберінде шетелдік және қазақстандық БАҚ өкілдері үшін баспасөз-туры болып өтті, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Баспасөз-турына Нидерланды, Германия, Түркия, Жапония, Франция, Корея, ҚХР, Италия және Ұлыбритания журналистері қатысты. 

Алтынкөлде бас инженер Мақсат Мамбетқұлов Жетіген – Мемшекара учаскесінде орналасқан кластан тыс станция жұмысы туралы айтып берді. Бұл 2012 жылы ашылған екінші қазақстандық-қытайлық теміржол өтпесі. Станция арқылы Қытайдан Еуропаға, Парсы шығанағы елдеріне, Орталық Азияға, Кавказға жүкағаны өтеді.

"Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА басқарушы компанияның бас операциялық директоры Бельмаши Хишам арнайы экономикалық аумақ қатысушылары жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар жайын паш етті.

"Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА Қытайдан Орталық Азияға тұтынушыларға жүктерді жеделдетіп жеткізу үшін баламалы шешімді ұсына отырып, Жаңа Жібек экономикалық белбеуін құруға толық мәнде ықпал етуге мүмкіндік береді.

Бұл ең алдымен Кедендік одақ елдері үшін және одан ары Парсы шығанағы елдері мен Түркия, Орталық Азия, Қытай, Еуропа нарығына ары қарай экспорттайтын перспективалы дистрибуциялық орталығы. 

АЭА қатысушылары болып 83 компания тіркелген, солардың 27 жер учаскелерін алған және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кірісіп кеткен.

БАҚ өкілдеріне "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА құрғақ портының мүмкіндіктері көрсетілді. 2018 жылы "KTZE – Khorgos Gateway" порт операторымен 130 мың ЖФЭ (жиырмафунттық эквивалент), бүгінгі таңда – қазірдің өзінде 20 мың.

Журналистер сонымен қатар "Қорғас" Халықаралық шекаралық ыңтымақтастық орталығында да болды.ХШЫО бару үшін Қазақстан, Қытай және өзге де елдер тұрғындарына виза рәсімдеудің қажеті жоқ. Келушілер санының тұрақты артып келе жатқаны байқалады, 2015 пен 2018 жылдары қазақстандық тараптан 3,5 млн турист болса, қытайлық тараптан – 10 млн адам келіп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу