9 елдің бизнесмендеріне Астананың қай тұсына инвестиция салу керегі айтылды

949

9 елдің бизнесмендеріне Астананың қай тұсына инвестиция салу керегі айтылды

"Сарыарқа" ауданының І инвестициялық форумында бизнесмендер ауданның қай тұсына инвестиция салу керегінен хабардар болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Форумға қатысушылар үшін инвестиция алаңындағы қолданыста бар, оның ішінде 100-ден астам жер учаскесінің базалық мәліметі, құрылысы бітпей қалған нысандар, инвестиция салымы қажет жобалар ұсынылды. 300-ге тарта форумға қатысушылар ішінде Франция, Германия, Түркия, Канада, Қытай, Ресей, Белоруссия, Украина, Әзірбайжан және де отандық кәсіпкерлер де бар.

Іс-шараның қорытындысы бойынша келіссөз барысында 30 млрд теңге шамасында 11 құжатқа қол қойылды (бұл доллармен шаққанда 100 млн-ға жуық).

Айталық, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты мен неміс Marcel Boschung AG арасындағы әріптестік туралы меморандум жол метеостанциясына ноу-хау енгізуге мүмкіндік береді.

Қар еріту құрал-жабдығы өндірісі саласындағы әріптестік бойынша және Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты ММ, TrecanCombustion (Канада), "ANTMachinery" ЖШС арасында қар еріту бойынша МЖК жобасы меморандумына қол қойылды. Ал жаяу жүргіншілер бульвары құрылысы бойынша: әріптестік Сарыарқа ауданы әкімі аппараты, "Astana" ӘКК" ҰК" АҚ және "CITY BOX" ЖШС арасында өзара түсініспеншілік туралы меморандум мен әріптестікке қол жеткізілді. Футбол алаңы құрылысын салуға Сарыарқа ауданы әкімі аппараты мен DUOL (Словения) компаниясы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу