"9 елдің ұлттық валютасы қосылады": Қазақстанда ресми бағамы белгіленетін шетел валюталары көбейеді

Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.   

"9 елдің ұлттық валютасы қосылады": Қазақстанда ресми бағамы белгіленетін шетел валюталары көбейеді Фото: sotni.ru

Белгілі болғаны, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулы жобасы әзірленген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қаулы жобасы ҚР Ұлттық Банкі ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізімін (бұдан әрі – Тізім) кеңейту, сондай-ақ Басқарма қаулысын 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған ҚР Конституциясына, ҚР Салық және Цифрлық кодекстеріне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" ҚР Заңына және Ұлттық Банк туралы ережеге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Ұлттық валютаның ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін жаңарту аясында осы Тізімді 39-дан 48 валютаға дейін кеңейту көзделеді, – делінген ресми ақпаратта.

Қаулы жобасында тізімге мына елдердің 9 ұлттық валютасын қосу ұсынылады. Олар: Вьетнам, Мысыр, Израиль, Индонезия, Қатар, Моңғолия, Оман, Пәкістан, Румыния.

Тізімді кеңейту туралы шешім соңғы 5 жылдағы сауда айналымына, төлемдердің көлемі мен валюталарына жасалған талдау негізінде қабылданып отыр. Мұнымен қоса, жеке және заңды тұлғалардан ресми бағам бойынша түскен сұраныстардың тарихы да ескерілген.

Қаулы жобасы туралы ақпарат кестесімен ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында танысуға мүмкіндік бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу