9 қарашадан бастап Қонаев пен Алматы қалаларының арасында электр пойызы қатынайды

497

Бұл туралы Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

9 қарашадан бастап Қонаев пен Алматы қалаларының арасында электр пойызы қатынайды Фото: Динара Сапақова

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта пойыз тоқтайтын платформаны жөндеу, абаттандыру жұмыстары аяқталып жатыр.

"9 қарашадан бастап электр пойыздары қайтадан Алматыға жүре бастайды. Соған дайындық жұмыстары 2-3 күн болды жүріп жатыр. Қазір барлық жұмысшылар қызмет істеуде", - деді Нұрлан Құматаев.

Еске салайық, 19 қазанда Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы электр пойызын қайта іске қосуды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу