9 қыркүйекте өтетін кәсіпқой бокс кеші билеттері тез сатылуда

941

9 қыркүйекте өтетін кәсіпқой бокс кеші билеттері тез сатылуда

Орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат QAZAQ Ислам (24-0, 19 КО) мен канадалық Брэндок Кук (18-0, 11 КО) арасында өтетін жекпе-жек кешінің 8 000 билеті сатылған, деп хабарлайды Qsport.kz.

Жекпе-жек кеші 9 қыркүйек күні елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтеді. Бұл жекпе-жек кешінің басты кездесуінде Қанат Ислам мен Брэндон Кук өнер көрсетеді. Сонымен қатар бұл бокс кешінде Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Нұрсұлтан Жаңабаев секілді отандастарымыз шаршы алаңға шығады. 

"Біз жекпе-жекті өткізетін жерді мұқият зерттедік. Сөйтіп, таңдау "Сарыарқа" велотрегіне түсті. "Сарыарқа" велотрегі — әлемдегі ең мықты спорт кешендерінің бірі. Қазіргі уақытта бұл жекпе-жек кешінің 8 мың билеті сатылып кетті", — дейді QAZAQ Promotions компаниясының директоры Қайрат Жайлаубаев. 

Айта кетейік, Канадалық боксшы өзінің соңғы кездесін отандасы Стивен Батлерге қарсы өткізіп, нокаутқа түсірген болатын. Жалпы канадалық боксшы 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Қанат Ислам болса өзінің соңғы кездесуін 26 мамыр күні мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Сontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Қазіргі уақытта отандасымыздың еншісінде 24 кездесу бар және боксшымыз оның барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа жіберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу