9 мамырда шерулер өткізілмейтін болды

1249

Мамыр айындағы мерекелер үй-үйде тойланады.

9 мамырда шерулер өткізілмейтін болды

Коронавирусқа байланысты халыққа кезекті мәлімдемесін жариялаған Қасым-Жомарт Тоқаев ауызашар мен мамырдағы мерекелерге қатысты нақты ұстанымдарды атады.

"Әзірге бұл вирустың вакцинасы жоқ. Карантин шараларын қатаң ұстансақ қана індеттен құтыламыз. Аса қажеттілік болмаса, ешқайда шықпай, үйде отырыңыздар. Бұл, әсіресе, қазіргі қасиетті Рамазан айында өте маңызды", – деген ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оразада бірқатар рәсімнен тартынуды ұсынғанын еске салды.

Ал 9 мамыр сайын "Ажалсыз полк" сияқты идеологиялық шерулер өткізуді үрдіске айналдырған өңірлердің әкімдері биыл ардагерлерді материалдық қолдаумен шектеле тұруға тиіс.

"Осындай уақытта ауызашардың өзін көпшілікпен бірге өткізе алмайтынымыз белгілі. Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді. Бірақ, Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі. Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек береді", – деп жазылған мәлімдемеде.

Есжан Ботақара

Фото: diapazon.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу