Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері хабарлады.
"Біздің онлайн-акцияны өткізуде тәжірибеміз жеткілікті дәрежеде. 2020-2021 жылдардағы карантиндік шектеулер кезінде осындай акция дәл осы форматта өткен. Акцияны дәстүрлі форматта өткізу үнемі қоғамдық қауіпсіздіктің белгілі бір келеңсіз жағдайларына алып келетіні жасырын емес. Сонымен қатар, қаланың орталық көшелерінің біріндегі қозғалыстың жабылуы автокөлік иелері мен жақын маңдағы үй тұрғындары үшін қолайсыздықтар туғызады", - деді "Ауғанстан ардагерлер одағы " қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Абдушукуров.
Айта кету керек, онлайн-акцияларға қала тұрғындары белсенді қатыса отырып оны қолдайды.