9 маусым – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери қызметшілер мен қызметкерлердің кәсіби мерекесі

356

Қазақстанда арнайы мақсаттағы бөлімшелер күні аталып өтуде.  

9 маусым – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери қызметшілер мен қызметкерлердің кәсіби мерекесі Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі Telegram

9 маусымда Қазақстанда мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісі мен қызметкері күні атап өтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл күн кәсіби шеберлігімен, батылдығымен және Отанға адал қызметімен ерекшеленетін мамандарға арналған. Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері мен қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм мен қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ күрделі операцияларды орындау барысында маңызды міндеттер атқарады.

Олардың қызметі көп жағдайда көпшілікке көріне бермегенімен, мемлекет пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудағы үлесі зор.

Осыған орай арнайы мақсаттағы бөлімшелерде қызмет етіп жүрген барлық әскери қызметшілер мен қызметкерлер кәсіби мерекелерімен құттықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу