Кезектен тыс Президент сайлауы күні, яғни 9 маусымда Алматы тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасы хабарлады.
Шаһар тұрғындары барлық бағыттағы қалалық автобустарда және метрода тегін жүреді. Шамамен 700 мың жолаушы тегін жүруді пайдаланады деп күтілуде.
Бұл "Ашық есік күні" акциясы тасымалдаушылар тарапынан әлеуметтік көмек болып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу