9 миллион теңге Дәурен Нұралиновке бұйырды

980

Алматыда "Халық барысы" анықталды.

9 миллион теңге  Дәурен Нұралиновке бұйырды Фото: inform.kz

Алматыда қазақ күресінен екі күнге созылған жарыс аяқталды. Белдесуден бағын сынауға еліміздің барлық өңірінен бас-аяғы 1 мыңға жуық балуан қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Халық барысы" атағын алу үшін ақтық сында 32 балуан айқасты. Финалға жеткендер бір айдан соң Нұр-Сұлтанда өтетін "Қазақстан барысына" қатысады.

Өзінен 20 келіге ауыр қостанайлық Талғат Жиентаевты жеңген Дәурен Нұралинов І орын үшін тағайындалған 9 миллион теңге мен алтын медалді иемденді. Екінші орын алған спортшыға 4,5 миллион теңге  берілсе, үшінші орын үшін 2,7 миллион теңге жамбылдық балуан Ғалымжан Қырықбаевқа бұйырды. Жүлде алған балуандардың жаттықтырушыларына да қомақты ақшалай сыйлық табысталды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу