9 млн теңгенің тендері: Алакөлді жарнамалауға блогерлер шақыртылған

1091

Пандемия кезінде PR-ға қыруар қаржы шығындамақ болған.  

9 млн теңгенің тендері: Алакөлді жарнамалауға блогерлер шақыртылған

Алматы облысының әкімдігі Алакөлге турист тартып, насихат жасау үшін 9 млн теңгеге лот қойып, тендер жариялағаны анықталды, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.  

Мемлекеттік сатып алулар платфомадағы тапсырысқа қарағанда, қосымша ноутбук сияқты қымбат техникалық құрал-жабдықтарға да сұраныс беріліпті. Сөйтес, бұл аймаққа жарнама жасау үшін шақыртылатын блогерлерге берілетін сыйлық екен. Іс-шараны ұйымдастырушы – аймақтық Ішкі саясат басқарамасы болған. Бірақ қоғам арасында шу туғаннан кейін әкімдік 9 млн теңгенің тендірінен түбегейлі бас тартуды ұйғарыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу