9 мың азамат жалдамалы пәтерін жекешелендірді

273

Елімізде 1000-нан астам тұрғын үй апатты деп танылған, тағы 18 мыңға жуығы күрделі жөндеуді қажет етеді.   

9 мың азамат жалдамалы пәтерін жекешелендірді Фото: gov.kz

Биылғы жоспарға сәйкес тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 20 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жылдық қорытынды баспасөз конференциясында айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өткен жылы құрылыс қарқынын арттырып, баспана мәселесін шешу мақсатында бірқатар шара қабылданған. Оның аясында кезекте тұрған азаматтарға үкімет есебінен 14,5 мың жалдамалы пәтер сатып алынды.

Сондай-ақ баспанаға мұқтаж 8 мың азаматқа жалдамалы тұрғын үй беріліп, 11 мыңнан астамына жеңілдетілген ипотека ұсынылды. Бұдан бөлек, заңға енгізілген түзетулердің нәтижесінде  бұрын "сатып алу құқығынсыз" берілген жалдамалы үйді жекешелендіру мүмкіндігі берілді. Осылайша былтыр 9 мыңға жуық азамат жалдап келген баспанасын жекешелендіріп, өз атына аударды.

"Мемлекеттік қолдаудың қосымша тетігі ретінде тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялау және тұрғын үй сертификаттарын беру жалғасып жатыр. Бұл мақсатқа 2025 жылы республикалық бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлініп, 11 мыңнан астам азаматқа субсидия берілген. Биыл тағы 11 мың тұрғынды субсидиялау жоспарланып отыр. Сонымен бірге былтыр 1 733 азаматқа 2 млрд теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілген", – деп мәлімдеді ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу