9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды – Алексей Цой

662

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қосымша 14,5 млн шприц сатып алынатынын айтты. 

9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды – Алексей Цой

Министр COVID-19-ға қарсы халықты иммундаудың кешенді жоспары бекітілгенін еске салып, жоспар аясында қандай жұмыс атқарылып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"Осы жылдың ақпанында ведомствоаралық комиссияның шешімімен COVID-19-ға қарсы халықты иммундаудың кешенді жоспары бекітілді. Вакцинаны өндіру және жеткізу GMP мен GDP барлық стандарттарын, сонымен қатар "суық тізбекті" сақтай отырып жүргізілуде", – деді Алексей Цой. 

Министрдің мәлімдеуінше, КВИ-ге қарсы вакцинациялау бойынша 9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды, 600-ден астам вакцинациялау кабинеті, 800 тоңазытқыш жабдығы және 3 мың термоконтейнер әзірленді. 

Наурыз айының соңына 11,3 млн шприц сатып алынды. 

"Жоғарыда айтылған вакцинаның қосымша жеткізіліміне және егу пункттерін ашу қажеттілігіне орай біз тағы 14,5 млн дана шприц сатып алу жұмысын жүргізіп жатырмыз", – деді Алексей Цой. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу