Өңірлерде алдағы екі күнде ақ түтек боран аязға ұласып, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді. Әсіресе, елдің шығысында күн райы қатты суиды екен. Мұнда көктайғақ, тұман, бұрқасын болады. Ауа-райының нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар министрлігінде жедел штаб құрылып, "Жедел байланыс желісі" ашылды.
Олардың нөмірі экрандарыңызда көрсетілген. Құтқарушылар бұл күндері ұялы телефондарына келетін дауылды ескертулерді қалт жібермей, алыс сапарларға шықпауды ескертеді. Өйткені соңғы тәулікте еліміздің 4 облысында қар құрсауында қалған 72 адам құтқарылды. 30-ға жуық жеңіл көлікті төтеншеліктер тіркеуге алып, қауіпсіз жерге жеткізді. Қолайсыз ауа райына байланысты 6 облыста 14 жол учаскесі жабылды. Табиғаттың тосын мінезінен жол апаттары да көбейген. Мәселен Қарағанды облысының өзінде ғана 18 жол-көлік оқиғасы тіркелді.