ШҚО Глубокое ауылында 5-сынып оқитын 9 оқушы газдан уланып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен Анастасия Скляр хабарлады, деп жазады Интерфакс.
"Екі бала дәрігер тексеруінен кейін қайтарылды, ал қалғандары бақылауда. Балалардың жағдайы тұрақты, еш қауіп жоқ",- дейді Анастасия Скляр
Баспасөз өкілінің айтуынша, қазір комиссия құрылып, улану себебі анықталып жатыр. Әзірге нақты қандай газ екені анықталған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу