9 шілдедегі сауда барысында доллар бағамы аздап төмендеді

86

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 9 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды. 

9 шілдедегі сауда барысында доллар бағамы аздап төмендеді Фото: inbusiness.kz

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,61 теңгеге төмендеп, 518,97 теңге болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,63 теңге деңгейінде қалды.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 72,29 теңге (-0,14) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 518,7-520,9 теңге, еуро 607-611 теңге, рубль 6,51-6,63 теңге аралығында сатылуда.

8 шілдедегі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйектегі Brent фьючерстерінің құны 0,60%-ға өсіп, барреліне 70,57 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,66%-ға өсіп, барреліне 68,78 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу