9 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газа мәселесіне қатысты шұғыл отырысы өтеді

309

9 тамыз күні кеңес жергілікті уақытпен сағат 15:00-де өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

9 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газа мәселесіне қатысты шұғыл отырысы өтеді Фото: Анадолы

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰ ҚК) 9 тамыз күні Израиль үкіметінің Газа қаласына басып кіру туралы шешімін талқылау үшін шұғыл отырысқа жиналады.

"Анадолы" агенттігі тілшісіне дипломатиялық дереккөздер хабарлағандай, отырысты өткізу туралы өтінішке АҚШ пен Панамадан басқа БҰҰ ҚК-нің барлық мүшелері қолдау білдірген.

АҚШ бұл отырыстың өтуіне қарсы. 

Газаны оккупациялау туралы шешім

7 тамыз кешінде Израильдің қауіпсіздік кабинеті Газа секторының солтүстігінде орналасқан Газа қаласын оккупациялау жоспарын мақұлдады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Fox News арнасына берген сұхбатында министрлер кабинеті отырысында мақсаты – бүкіл Газаны бақылауға алу екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу