9 жастағы баланы зорламақ болған күдікті ұсталды

961

 9 жастағы баланы зорламақ болған күдікті ұсталды

Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында 9 жастағы баланы зорламақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сайрам аудандық сотының судьясы Дина Тойжанованың хабарлауынша, Ақсукент ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 2009 жылы туған баланы 1976 жылы туған ер азамат зорламақ болған.

"Ішімдік ішіп алып, кәмелет жасқа толмаған баланы зорламақ болған күдікті ұсталды. Оның үстінен Қылмыстық Кодекстің 24-бабы ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер") бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамауға алу туралы санкция берілді", —деді судья.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу