9 желтоқсандағы саудада доллар арзандады

243

Бүгінгі доллар бағамы – 510,08 теңге. 

9 желтоқсандағы саудада доллар арзандады Фото: inbusiness.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,54 теңгеге арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 510,08 теңге.

Ұлттық банктің 9 желтоқсанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 514,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,17 теңге. Еуро – 544,60.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 509,5теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 514 теңге. Еуро 537–543 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 509 теңге, сатып алу құны –516 теңге. Еуро 532 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу