90 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

591

Қазақстандағы коронавирус бойынша 28 сәуір сағат 10:50 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай.

90 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Шұғыл штаб коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 90 адам тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысында – 1, Алматы қаласында – 17, Қарағанды облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Шымкент қаласында – 1, Түркістан облысында – 6, Павлодар облысында – 6, Алматы облысында – 1, Жамбыл облысында – 2, Атырау облысында – 1, Ақмола облысында – 1, Нұр–Сұлтан қаласында – 52.

"Осы сағатта Нұр–Сұлтан қаласы бойынша – 599 адам, Алматы қаласында – 893, Шымкент қаласында – 176, Ақмола облысында – 94, Ақтөбе облысында – 57, Алматы облысында – 101, Атырау облысында – 124, Шығыс Қазақстан облысында – 16, Жамбыл облысында – 108, Батыс Қазақстан облысында – 126, Қарағанды облысында – 133, Қостанай облысында – 43, Қызылорда облысында – 182, Маңғыстау облысында – 31, Павлодар облысында – 116, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 121, жалпы 2950 науқас тіркелді",– деп жазылған хабарламада.

Бүгінге дейін 725 адам емделіп шыққан. Аталған жұқпалы дерттен 25 адам көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу