Астаналық полиция қызметкерлері аязды күндері баспанасыз қалған адамдарды іздеуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Полиция бөлімінен хабарлағандай, тәртіп сақшылары 90-ға жуық азаматты тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына жіберді.
"Ауа райының бұзылуына және температураның күрт төмендеуіне байланысты полиция қызметкерлері көшеде қалған адамдарға көмектесу мақсатында белгілі бір шараларды қабылдады. Үсіп кету немесе басқа да келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында көшелерді патрульдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ "Рубеж" өткізу бекеттерінде қала маңындағы ауылдардан келетін автокөліктерді бақылау жүзеге асырылуда", - деп мәлімдеді ПД-да.